Су тасқыны

Жомарт кәсіпкерлер бастамасы

Ізгілік

Ақтөбенің жомарт азаматтары су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға көмек қолын созуға дайын. Мәселен, облыстық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер Самат Қалдығұлов тасқын суда баспанасы суға кеткен тұрғындарды туған жері — Алға ауданына шақырып отыр. Ол ауылда тұруға ниетті отбасыға үй сыйлап, жұмыс ұсынатынын айтты.Қобдалық кәсіпкер Сәндібай Әлитурлиев ауылдастарына арнап бірнеше үй сатып алуға дайын екенін жеткізді.

Самат Қалдығұлов туған жері — Алға ауданы Аманкелді ауылынан су тасқынынан зардап шеккен 10 отбасына үй тарту етпек. Депутаттың айтуынша, ауылда мал бағуға, соларқылы мол табыстабуғаболады. Бүгіндебұлауылдамектеп, клуб, фельдшерлік пункт бар. Мекемелеринтернеткеқосылған.
— Биылғы су тасқыныкезіндеқаладақаншамаотбасыныңбаспанасына су кіріп, әбігергетүсті. Қазіроларғамемлекеттарапынанқажеттікөмеккөрсетіліпжатыр. Дегенмен мен қаладажекебаспанағақолыжетпейжүргендергенемесеқиындықтарға тап болғанотбасыларғақолдаубілдіргімкеледі. Оларғаөзқаржымнанүйтартуетугедайынмын. Жұмыспен де қамтамасызетемін,
— дейді депутат.
Бүгінгі таңда «Реймқұл» шаруа қожалығыұжымыныңкүшіменАманкелдіауылындамоншасалынып, мектепғимаратыжөнделген. 86 миллион теңгеденастамқаражатқа су құбырыжүйесітолығыменжаңартылып, электрсорғыларыауыстырылды. Мәдениетүйібой көтерген.

Аудан орталығынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан Аманкелді ауылында бақша егіп, мал бағуға мүмкіндік мол.

Су тасқынынан зардап шеккен жерлестерді қолдауға «Атамекен» палатасының Өңірлік кеңесінің мүшесі, «Алтын Дала» шаруа қожалығының басшысы Сәндібай Әлитурлиев те өз үлесін қосқысы келеді. Өзінің айтуынша, кәсіпкер Қобда ауданының Жарсай ауылында су тасқынынан зардап шеккен қобдалықтарға арнап төрт үй сатып алуға дайын. Сонымен қатар фермер тұрғын үйді тегін беріп, шаруашылықта жұмысқа орналасуға жәрдемдесетінін де айтып отыр.

— Жерлестеріміз қалыпты өмірге тезірек оралуы үшін біз бұл қиындықты бірге жеңе алатынымызға сенімдімін. Тұрғын үй мен мал-мүлікті жоғалту— үлкен сынақ. Мұндай сәттерде мұқтаж жандарға қолдан келгенше көмек көрсету —  біздің міндетіміз, —дейді кәсіпкер.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button