Жаңалықтар

Су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың балалары облыстық өлкетану музейіне барды

Өткен демалыс күндері Ақтөбе қаласындағы Гуманитарлық колледждің жатақханасында уақытша тұрып жатқан отбасылардың балалары облыстық өлкетану музейіне барды. 50-ден астам бала туған өлкенің тарихы мен жәдігерлерімен танысты.

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қорында 119 мыңға жуық экспонат бар. Жыл сайын мұражайға экспозициялармен танысу үшін 100 мыңға жуық адам келеді.

Балалар да мұражай ішінен рухани азық боларлық құнды дүниелер алып, жаңа мағлұматтар естіді, бос уақыттарын тиімді өткізді.

Сондай-ақ, балаларға арналған ойын-сауық бағдарламалары кешкі уақытта да жалғасты. Колледж жатақханасының ауласында аниматорлар балаларға ойын ойнатып, би билетіп, көңіл-күйлерін көтерді.

Д.АЙДАР.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button