Жаңалықтар

Оқу үрдісіндегі маңызды бірлік: теория мен практика үйлесімі

Педагогикалық практика — базалық пәндер цикліндегі докторанттың және магистранттың білім беру жоспарына сәйкес меңгерген ғылыми-теориялық білімдерін және практикалық дағыдыларын сабақ беруде қолдануға машықтандыратын бірден-бір құрал. Ол кәсіби қызметтің міндеттерін терең түсінуге және оны орындау мақсаттарын айқындауға жол ашады. Сонымен қатар студенттер кәсіби әрі білікті маман атану жолында өзіндік рефлексиясын қалыптастырып, өз тәжірибелерін дамытуда, шикі тұстарын анықтап, олармен жұмыс жасауда едәуір жетістікке қол жеткізе алады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті химия және химиялық технология факультетінде докторанттар пен магистранттар педагогикалық практика өту барысында кәсіби дағдыларын қалыптастыруға бағытталған сабақ түрлерін жүргізумен қатар, тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырады. Бұл практика барысында білім алушыны маман ретінде ұжыммен бірге жұмыс істеуге машықтанып, қарым-қатынас психологиясын меңгеру арқылы ой-өрісін кеңейте түседі. Сондай-ақ магистрант студенттердің жеке ерекшеліктерін және дайындық дәрежесін ескеріп, педагогикалық этика нормасына сәйкес жұмыс атқаруға дағдыланады.
Студенттер химия ғылымдарының докторы, профессор Қайрат Кәдірбеков жетекшілік ететін А.Бектұров атындағы химия ғылымдары институтының мұнай химиясы және мұнай-химия синтезі зертханасында болып, осы іс-шара барысында отандық ғалымдардың №12 тұрақты даму мақсаттары бағыты бойынша жүзеге асыруға қосқан үлесімен танысты.
Білікті ғалым студенттерге олардың зертханасының бағыттарының бірі — әртүрлі мұнай қалдықтарын (мұнай шламы, радиоактивті мұнай шламы, май қалдықтары, ластанған топырақ) тауарлық мұнай өнімдеріне және/немесе экологиялық таза материалдарға кәдеге жарату және/немесе бейтараптандыру мүмкіндігін ғылыми бағалауды жүзеге асыру болып табылатынын атап көрсетті.
Сонымен қатар студенттер заманауи жабдықтармен жабдықталған физика-химиялық зерттеулер зертханасына барды. Институтқа бару олардың мұнай-химия және мұнай-газ ісі бойынша магистратура мен докторантурада одан әрі оқуға деген қызығушылығын арттырды. Аталған іс-шараны физикалық химия, катализ және мұнай-химия кафедрасының оқытушылары Р.Ысқақова, С.Наренова және докторант Н.Бузаев ұйымдастырды.
Тұрақты даму мақсатының міндеттері қатарында «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» бағыты бойынша 2030 жылға қарай ЖИТС, туберкулез, безгек және тропикалық аурулардың эпидемияларын тоқтату және гепатитпен, су арқылы берілетін аурулармен және басқа да жұқпалы аурулармен күресуді қамтамасыз ету шаралары бар. Туберкулез халық өлімінің негізгі себептерінің бірі болып қала береді және бүгінде бүкіл әлемде қоғамдық денсаулыққа жаһандық қауіп төндіреді. Ең осал топқа және эпидемиологиялық процеске тез қатысатындарға жастар жатады. Жоғары сырқаттанушылық туберкулез, оның таралу жолдары және алдын алу мәселелерінде жастардың аз хабардар екендігін көрсетеді.
Кафедра оқытушылары Р.Ысқақова, Н.Смағұлова және докторант Б.Кенжеев «Террорлық әрекеттердің белең алуы неліктен?» деген тақырыпта пікірталас өткізді. Іс-шара кезінде студенттер осы мәселеге байланысты өз ойларын ортаға салды». 8D07101-Mұнай химия» білім беру бағдарламасының докторанты Н.Бузаев 3-курс студенттері арасында Қазақстан үшін қолданылатын білім беру модельдері туралы пікірталас өткізді. Осы іс-шара аясында «Қазақстандағы білім сапасы финдік және жапондық білім беру модельдерімен салыстырғанда қандай?» деген тақырыпша талқыланды.
Финляндия мен Жапония білім берудің әлемдік рейтингтерінде көшбасшы орынға ие, ал Қазақстан білім беру қызметтерінің деңгейі мен сапасын арттыруға ұмтылады. Пікірсайыс барысында студенттер «осы білім беру модельдерінің қайсысы Қазақстан мен оның ерекшеліктеріне сәйкес келеді?» деген сауалға жауап іздеді.
Талқылау барысында Қазақстанның білім беру жүйесі үшін бірде-бір модельді толығымен қолдануға болмайды деген қорытынды жасалды. Біздің білім беру және тәрбие жүйесінің ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, финдік және жапондық модельдердің қолайлы жақтарының негізінде өзімізді жетілдіруіміз керек.
Гендерлік теңдік адам құқықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады. Дүниежүзі халқының жартысын әйел заты құрағанымен, қоғамда то¬лық¬қан¬ды тепе-теңдік орнауы үшін алда біраз белесті еңсеруге тура келеді. Өйткені әлі күнге дейін гендерлік теңдікке қол жеткізу, әйелдердің құ¬қығы мен мүмкіндіктерін артты¬ру әлемдік мәселе болып тұр.
Осылайша педагогикалық практика білім алушының кәсіби әрі тәжірибелік дайындығына тікелей бағытталған. Бұдан шығатын қорытынды, студент педагогикалық практикадан өту барысында кәсібилігін тек тәжірибе жүзінде ғана емес, теория тұрғысынан да дамытуды негізге алуға тиіс.

 

Р.ЫСҚАҚОВА,
Н.СМАҒҰЛОВА,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті химия және химиялық технология факультеті физикалық химия, катализ және мұнай-химия кафедрасының оқытушылары.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button