Басты жаңалықтарСу тасқыны

Ойыл ауданындағы кіреберіс жол қайта пайдалануға берілді

Өңірде жолдар мен көпірлерді қалпына келтіру мәселесі өзекті. Әзірге облыстағы 11 елді мекенмен жол қатынасы уақытша үзіліп тұр. 10 елді мекенмен көлік қатынасын орнату жұмыстары жүргізілуде.

💬 Ойыл ауданында биылғы су тасқыны кезінде кіреберіс жолды су шайып кетті. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайырдың сөзінше, жол саласының мамандары аталған 1,5 шақырымдық жолды қалпына келтірген.

Жалпы, Ойыл ауданында облыстық маңызы бар 1 жолды су шайса, аудандық маңызы бар 3 жолды су бұзды.

Ақтөбе облысында су тасқынының алдын алу және салдарын жою бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен жедел штаб отырысы күн сайын өткізіледі.
«Биылғы су тасқыны кезінде Ойыл ауданына кіреберіс жолды су шайып кеткені белгілі. Бүгін осы жол ашылып, жол қозғалысы қалыпқа келтірілді. Ойыл ауданы тұрғындарына айтарымыз, көпір бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазақстан жол ғылыми институтының мамандары мұнда тиісті жұмыс жүргізді. Енді жобалық-сметалық құжаттар дайындалады. Қазір мердігер мекеме анықталды. Бір апта мерзімде мердігер ұйым техникаларын әкеліп, құрылыс жұмыстарын бастайды»,– деді жоспарларымен бөліскен Айбек Қайыр.

Басқарма басшысы ауданда жүргізіліп жатқан жұмыстарға тұрғындарды түсіністікпен қарауға шақырды.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button