Басты жаңалықтар

Алып кәсіпорынның жәрдемі

Еуразиялық Топ (ERG) қарғын судың зардаптарын жою мен тасқын судан зардап шеккен аймақтардың тұрғындарына көмек көрсетуге 400 млн теңге бөледі. Бұл туралы аталған компанияның корпоративтік коммуникациялар департаменті хабарлады.

— Ауа райының тосын мінезі салдарынан қиындықта қалған қазақстандықтардың жағдайына біз де алаңдап отырмыз. Бөлінген қаражат қарғын судың зардаптарын жоюға сеп болып, су астында қалған елді мекен тұрғындары жақын арада өздерінің қалыпты өміріне оралады деген үміттеміз, — деді ERG директорлары кеңесінің төрағасы А.Машкевич.

Қаржылай көмектен бөлек, Топ кәсіпорындары қарғын судың алдын алу жұмыстарына арнайы техникалар мен білікті мамандарын бағыттап жатыр. Сондай-ақ кәсіпорындардағы еріктілер ұйымы жұртқа барынша көмек беріп жүр.

Ақтөбе облысында жолға 300 тонна қиыршықтас жеткізіліп, тасқынға тосқын болуға арнайы техникалар — 2 самосвал мен тиегіштер жөнелтілді. Қарғын судан зардап шеккен адамдарға көмек беріліп, ауызсу, жеке гигиена заттары мен алғашқы қажеттілік тауарлары сатып алынды.

М.ТАБЫН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button