Басты жаңалықтар

Ортақ үйімізді таза ұстайық!

Айман ЖАНҒАСИЕВА,
Ақтөбе қаласындағы №30 мектептің бастауыш сынып мұғалімі:

— Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру бойынша бірқатар тапсырма берді. Мемлекет басшысы бұл жұмысқа қала тұрғындары мен еріктілерді тарту керектігін айтты.
Расында, қоршаған ортаны күтіп ұстау — баршамыздың ортақ міндетіміз. Сол себепті экологиялық тазалықты сақтауға атсалысуға қоғам болып жұмылуымыз қажет. Бұл ретте жас ұрпақты табиғатты аялау, өскен өңірге құрметпен қарауға үйрету арқылы туған жерге деген сүйіспеншілігін ояту, отансүйгіштікке тәрбиелеу маңызды.
Ақтөбе — еліміздегі көрікті шаһарлардың бірі. Бүгінде еліміздің батыс өңірінің бірегей аймағы — Ақтөбе екенін мақтанышпен айта аламыз. Қаламыздың сәулеттік келбеті мен ажарының айшықтала түсуіне шаһар көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстар әсер етпек. Ендеше, ортақ іске белсене кірісейік.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button