Басты жаңалықтар

БӘРІМІЗ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

Көктеммен бірге айнала жасарып, жаңарады. Осындай кезде аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру ісін қолға алу өте маңызды шаруа деп есептеймін. Бұл мәселеге Президентіміздің өзі назар аударып, көңіл бөліп отырғаны, жергілікті билік органдарына нақты тапсырма бергені осы жайға мемлекетіміздің ерекше мән бергенін байқатады.
Президент «қалаларды лайықты және тартымды жағдайда ұстау мәдениетін енгізу керек» деген міндет қойып отыр. Бұл талап біздің бәрімізге қатысты деп ойлаймын. Егер қаланың әрбір тұрғыны өз үйіміздің маңын, көшемізді күтіп ұстасақ, қоқыстарды ретсіз тастамасақ, тазалық деген сол емес пе?!
Мен қала тұрғындарын, әрбір азаматты осы игілікті іске үлес қосуға шақырамын!

Хамит ЖҰМАҒАЗИЕВ,
еңбек ардагері.
Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button