Басты жаңалықтар

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин мен облыс әкімі Асхат Шахаров бау-бақша ұжымдарын түнделете қарап шықты

 

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин, облыс әкімі Асхат Шахаров, қала әкімі Азамат Бекет Кірпішті тұрғын алабындағы бау-бақша ұжымдарын түнделете қарап шықты.

«ЭКО» және «Водоснабженец» тұрғын алаптарының қасынан өтетін өзен суының деңгейі өлшеу құралынан аса қоймаған. Тәртіп сақшылары қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өзен жағасын қадағалап жүр. Басшылар полицейлерге жағдайды назардан тыс қалдырмай, бақылауда ұстауды тапсырды.

6 сәуір күні түнде Қарғалы су қоймасынан су жіберілді. Мамандар Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілуі мүмкін екенін айтты. Қала әкімі өзен бойын жағалай орналасқан бау-бақша ұжымдарының тұрғындарына қауіпсіз жерге көшу туралы алдын ала ескертті.

🚀 t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button