Басты жаңалықтар

Асхат Шахаров Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында өңірдегі ағымдағы жағдай туралы бейнежазба жариялады

 

Қадірлі жерлестер!

Өңірімізге төнген апат бірнеше күннен бері әбігерге салып жатыр. Тасқынға тосқауыл болу үшін жеке құрамнан 3140 адам, 664 техника, жалпы барлық күш жұмылдырылды.

Облысымызда қатердің беті қайтқан жоқ. Демек, босаңсуға әлі ерте деген сөз. Қолда бар дерекке сүйенсек, өңірде 792 үйді су басты. 8 978 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Облыстың 5 ауданында, Қобда, Мұғалжар, Темір, Әйтеке би, Ойыл және Ақтөбе қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Қауіпті аймақтарда су сору, тазалау, тоқтату жұмыстары үздіксіз жүргізіле береді.

Бұл күресте тұрғындардың қосқан үлесі зор. Ұйымшылдықпен іске кіріскеніміз – күшіміздің бірлікте екендігінің дәлелі.

Бар шығын мен келтірілген залалды арнайы құрылған комиссия анықтауда. Жапа шеккендердің шығыны түгел дерлік өтеледі. Үй-жайларын қалыпқа келтіріп, басқа да қажеттіліктерін толық қамтамасыз етеміз. Президент мұны қатаң бақылауға алды.
Өңірімізге Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов келді. Аймақтағы ахуалды әуеден көріп, су қоймаларының бүгінгі күйімен танысты. Ахуалдық орталыққа барды. Республикалық штаб отырысында да халыққа көмек мәселесін жан-жақты талқыладық.

Қымбатты жерлестер, әр отбасының мұң-мұқтажын назарға аламыз. Сын сағатта сабырлық танытқан сіздерге амандық тіледім!

t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button