Басты жаңалықтар

МЕЙІРБИКЕ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан «Ырғыз ауданының білім бөлімі» ММ «Жұлдыз бөбекжай-бақшасы» МКҚК-ның мейірбикесі Г.С.Трестің шағымы негізінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық есептілік туралы» Заңына сәйкес «Жұлдыз бөбекжай-бақшасы» МКҚК-да жоспардан тыс аудиторлық іс-шара жүргізілген болатын.

Аудиторлық тексеру нәтижелеріне сәйкес келесідей бұзушылықтар анықталды: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы №77 «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы» және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 21 шiлдедегi №224 «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы» қаулыларында мейірбике лауазымының штат бірлігінің саны (топтардың санына қарай) 1-3 аралығында 0,5 деп көрсетілген.

Алайда Ырғыз ауданы әкімінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №58 «Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 18 қаңтардағы №14 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысымен мекеменің мейірбике лауазымының штат бірлігінің саны 0,25 бірлік деп бекітілгендігі анықталды. Яғни мүмкін болған 0,5 бірлік орнына мейірбике тек 2 сағат жұмыс істеп келген.

Анықталған кемшіліктерді жою мақсатында департамент тарапынан Ырғыз ауданы әкімдігіне өз қаулысын Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 21 шiлдедегi №224 «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкестендіру туралы ұсыныс енгізілді.

Осылардың негізінде Ырғыз ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 18 қаңтардағы №14 қаулысының күші жойылды. Сондай ақ департаменттен облыстық білім басқармасына Ырғыз ауданындағы мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың штатық бірліктерін қайта бекіту туралы тиісті ұсыным жолданды.

Нәтижесінде облыстық білім басқамасының 2024 жылғы 1 наурыздағы №129 және Ырғыз ауданының білім бөлімінің 2024 жылғы 11 наурыздағы №01-31 бұйрығымен «Ырғыз ауданының білім бөлімі» ММ «Жұлдыз бөбекжай-бақшасы» МКҚК-ның мейірбике лауазымының штаттық бірлігі 0,5 бірлік болып қайта бекітілді.

Осылайша Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті жеке тұлғаның заңды құқын қорғады.

САНАТ САҒИЛАТОВ,

Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бас

маманы-мемлекеттік аудиторы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button