Жаңалықтар

Ядролық қарусыздану — жаһандық қауіпсіздіктің басты шарты

Баспасөз мәслихаты

Тәуелсіздік алғалы бері еліміз бүкіл әлемде ядролық қарусыздану бастамасын көтеріп келеді.

Отарлық заманда ядролық сынақтардан зардап шеккен ел ретінде Қазақстан бұл жолдағы саясатынан ешқашан бас тартпайды. Бұл жөнінде халықаралық ядролық жарылысқа қарсы «Невада-Семей» қозғалысының облыстық филиалының жуырда өткен баспасөз мәслихатында да айтылды. Жиын «Ақтөбе Медиа»

медиахолдингтің баспасөз орталығында өтті.

Баспасөз жиынына аталған қозғалыстың облыстық филиалының атқарушы директоры Сырым Әбдірахманов, Мұғалжар ауданының құрметті азаматы, денсаулық сақтау саласының ардагері Аманжол Адаев, ҚР мәдениет саласының үздігі Алмагүл Сарыбай, Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Қайырбек Таханов қатысты.

Сырым Әбдірахманов «Невада-Семей» қозғалысының құрылғанына биыл 35 жыл болатынын айтып, осы жылдар ішіндегі жұмыстар мен қозғалыстың «Жаһандық қауіпсіздік үшін ядролық қарусыздану» атты жаңа бастамасы жөнінде әңгімеледі. Сондай-ақ ол халықаралық ядролық жарылысқа қарсы «Невада-Семей» қозғалысы хатшылығының жиынға қатысушыларға жолдаған құттықтауын

жеткізді.

«Біздің мақсат-мұраттарымыз жалғаса береді, біз өзіміздің кейінгі ізбасарларымыз — жас ұрпаққа планетамызды ауасы таза, тұрақты қалпында қалдырғымыз келеді. Ал Жер планетасын аман сақтаудың басты жолы — экологияның ластануына жол бермеу», — делінген хатта. Қозғалыс 2005 жылы ЮНЕСКО ұйымының дүниежүзілік «Бейбітшілік жады» реестріне енгізілген.

Жиында қозғалыстың облыстық филиалының ардагерлері Аманжол Адаев пен  Алмагүл Сарыбай филиалдың бұрынғы басшысы Ізімғали Көбеновтің жетекшілігімен қыруар істер атқарылғанын еске алысып, осы жұмыстардың алда да жалғаса беретініне сенім білдірісті.

Сондай-ақ біздің өңірдің Байғанин ауданында болған жарылыстар туралы да сөз қозғалды.

 

И.ЖАЙМАҒАМБЕТОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button