Жаңалықтар

Су тасқынына дайындық және қазіргі ахуал

Үкімет отырысы

Сейсенбі күні өткен Үкімет отырысында су тасқыны бойынша қазіргі ахуал, сондай-ақ көктемгі маусымға дайындық және ықтимал төтенше жағдайлар шаралары талқыланды. Осы отырыста облыс әкімі Асхат Шахаров біздің өңірдегі су тасқыны кезеңіне дайындық туралы баяндама жасады.

Өңір басшысының айтуынша, облыс аумағында су тасқынына қарсы Жол картасында 36 іс-шара  көзделген, оның 17-сі орындалды, 19-ы іске асырылып жатыр.

Биылғы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында 9 шақырым өзен жағалаулары нығайтылып, 5,6 шақырым өзен арналары тереңдетілді, 46,6 шақырым арықтар мен каналдар тазартылды, жалпы ұзындығы 21 шақырым болатын қорғаныс бөгеттері салынып, қалпына келтірілді. «Тереңсай», «Талдысай», «Көсем», «Қазан-2», «Екпетал» сияқты 5 гидротехникалық құрылысқа жөндеу жүргізілді.

Сондай-ақ 3,1 шақырым нөсерлі кәріз жүйесі, 8,1 шақырым су бұру арналары жасалды.

Бұған қоса өңір басшысы 1,6 млрд  теңгеге автомобиль жолдары бойындағы 23 су өткізу құбыры салынып, 3,5 шақырым жол мен Саралжын, Қуырдақты, Қараой, Қайыңдыдағы көпірлер жөнделгенін айтты.

«Ақтөбе-ақпарат».

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button