Республикалық маңызы бар Самара-Шымкент автожолында қозғалысты толық қамтамасыз ету бойынша жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
ҚазАвтоЖол жолшылары 4 күн бойы «Ақтөбе-Хромтау», «Хромтау-Қарабұтақ» бағытында жолды қардан аршуда қарқынды жұмыс істеді. Жұмыс тоқтаусыз, әлі де жүргізілуде.
Кеше таңғы сағат 8-де Ақтөбе-Хромтау-Ақтөбе бағытында жол ашылып, көліктер колоннасы ұйымдастырылды.
Аталмыш учаскеде 2768 бірлік көлемінде ауыр жүк көліктерінің жиналуы байқалды.
Алайда, бір тәуліктің ішінде Ақтөбе -Хромтау бағытында 600-ге жуық жүк көліктерінің колоннасының жүруі ұйымдастырылды.
Көлік қозғалысын толық қалпына келтіру үшін жолшылар жолды тазалау жұмыстарын қарқынды жүргізуде.
Алайда, жүргізушілердің жүк көліктерін жолда қалдырып кеткендігі жолшыларға жол жиегін қардан аршуда кедергісін келтіруде. Сондықтан, ауыр жүк көліктерінің иелерін іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта 2606 бірлік көліктің жиналуы байқалады.
Бүгін Ақтөбе облысы бойынша сағат 15.00-ге дейін Самара-Шымкент тас жолында көлік қозғалысын ашу жоспарлануда.
Сондай-ақ, Астана уақыты бойынша сағат 17.00-де Қостанай, Қызылорда, Түркістан облыстарында қозғалыс толық жанданады деп жоспарлануда.
А.МӘЛІКҚЫЗЫ.