Пікір

«Атамекен» палатасы инвестициялық жобаларды қолдайды

Дидар БОРАНҚҰЛОВ,

өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Үкіметке экономиканы одан әрі дамыту үшін қаражатты үнемдеу міндетін қойды. Бұл бюджет және салық саясатын оңтайландыру, соның ішінде салықтық әкімшілендіруді цифрландыруды талап етеді. Сонымен қатармемлекеттік сатып алу туралы заңды жетілдіре түсу тапсырылды.

Бүгінгі таңда Ақтөбе облысында СТ-KZ сертификаты немесе өндірістік сертификаты бар 200-ге жуық тауар өндіруші бар. Өз кезегінде өңірлік палата жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу ережесіне Қазақстанда өндірілетін азық-түлік өнімдерін кем дегенде 80 пайыз пайдалануды көздейтін нормаларды енгізуді ұсынды. Сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар үшін сатып алу ережелері бөлігінде «Самұрық-Қазына» қорының сатып алуларына ұқсас тауар өндірушілер тізімін енгізуге қатысты өзгерістерді, сондай-ақ жеткізілген тауарлар үшін отандық өндірушілерге төлем шарттарын қысқартуды, т.б. ұсыныс ретінде енгізді. Ақтөбе облысында жер қойнауын пайдаланушылар санының көптігін ескерсек, жергілікті өндірушілердің өнімдерін ілгерілету мәселесі өзекті екені жасырын емес. Осы бағытта біз ірі компаниялармен келісімшарт жасасып, жергілікті өндірушілерді қолдауға ерекше маңыз беріп отырмыз.

Үкімет отырысында Мемлекет басшысы инвестиция тарту бойынша жұмысты жандандырудың басым бағыттарын да атап өтті. Бұл жерде әкімдерге жеке жауапкершілік жүктеліп, инвестициялық штаб бұны үйлестіретін болады.Бұл жұмысқа кәсіпкерлер палатасы да белсенді атсалысуда. Атап айтсақ, біз инвестициялық жобаларды қолдау бойынша фронт-офис жұмысына атсалысып, инвесторлардың құқықтарын қорғауға мүдделіміз. Кәсіпкерлер палатасы жұмысының бір бағыты да инвесторларды, инвестициялық жобаларды қолдауға және құқықтық жәрдем беруге бағытталған.

Сонымен бірге ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Үкіметпен бірлесіп интерактивті инвестициялық картаны жасақтап жатыр. Ол нақты уақыт режимінде инвестициялық жобалардың орындалуы бойынша негізгі көрсеткіштерді бақылауға, егер кідірістер болса соның себебін білуге, жауапты тұлғаларды анықтауға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button