Жаңалықтар

Жеке куәліктегі аты-жөнді 5 күнде өзгертуге болады 

Сұрақ-жауап

Редакциямызға хабарласқан оқырман Еркін Бейсенов: «Былтыр 16 жастағы балам жеке куәлік алғанда туу туралы куәліктегі тегімен жазылды. Енді тек әкесінің атын қалдырып, онда да «ұлы» дегенді алып тастап, Асылбек Еркін деп толтырсақ дейміз. Ол үшін қандай құжаттар рәсімдеп, қанша теңге төлеу керек?» — деген сауалға құзырлы орган өкілдерінен жауап алуымызды өтінді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Ақтөбе облысы филиалының АХАТ басқармасының жетекші маманы Рысгүл Нұрманова:

— Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-ІV Кодексінің 194-бабы, 3-тармақшасына сәйкес ұлты қазақ адамдардың әкесінің аты тегін ауыстырған кезде оның міндетті түрде бірінші болып тұруына, одан кейін атының жазылуына жол беріледі, ал әкесінің аты қалауы бойынша жазылады. Әкесінің атына «ұлы», «қызы» деген жалғау қосылып, тегін ауыстырған жағдайда әкесінің аты жазылмайды.

Азамат тегіне өзгерістер енгізу үшін халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тууды тіркеу, оның ішінде акт жазбасына өзгерістер енгізу туралы өтініш беруі керек. Әуелі туу туралы куәлікке өзгеріс енгізіледі. Бұл 5 жұмыс күнін құрайды. Кейін жеке куәлік өзгертіліп, қайта беріледі. Мемлекеттік баж — 1932 теңге, — деді.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button