Басты жаңалықтарСпорт

Ақтөбе облысында жаңа спорт кешені ашылды

Хромтау ауданының Дөң ауылында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуы өтті. Ашылу салтанатына облыс әкімі Ералы Тоғжанов пен ауылдық округ тұрғындары қатысты.

Өңір басшысы ауыл тұрғындарын қуанышты оқиғамен құттықтап, жастар үшін спорт пен дене шынықтырудың маңыздылығын атап өтті.

Кешенде әртүрлі спорт түрлерімен айналысуға арналған залдар, оның ішінде күрес, волейбол, баскетбол ойындары және т.б. бар. Спорт кешенінің жалпы ауданы 1 мың шаршы метрден асады. Мемлекеттен оны салуға және жарақтандыруға 305 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.

Айта кетейік, жыл басынан бері Ақтөбе облысында 7 спорт кешені пайдалануға берілді, тағы 11 спорт кешенінің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button