Басты жаңалықтарӘлеумет

Ақтөбеде ипотекалық орталық ашылды

Ақтөбеде облыс тұрғындары үшін жылжымайтын мүлік іздеу және сатып алу процесін жеңілдететін бірегей сервис – ипотекалық орталық іске қосылды.

Салтанатты шараға облыс әкімі Ералы Тоғжанов қатысты.

«Тұрғын үй құрылысының қарқынды өсуін және жалпы облыстың дамуын ескере отырып, мұндай орталықтың ашылуы – облысымыз үшін өзекті. Орталық мемлекеттік ипотекалық бағдарламаларды жүзеге асыруға белсенді атсалысып, халық игілігіне қызмет етеді деп сенемін»,- деді облыс әкімі.

Бұл – «Банк Центр Кредит» ұйымының еліміздегі екінші ипотекалық орталығы. Біріншісі биыл маусым айында Астана қаласында ашылған болатын.

«Орталық жылжымайтын мүлікті сатып алу процесінің ыңғайлылығы мен қарапайымдылығын қамтамасыз етеді. Мұнда өңірдегі жетекші жылжымайтын мүлік саласындағы құрылыс компаниялары, сондай-ақ ипотеканы рәсімдеу және жылжымайтын мүлік мәмілелерін жасау кезінде қажетті процеске қатысушылар, яғни нотариустар, бағалау компаниясы, жылжымайтын мүлік агенттіктері жұмыс істейді»,- дейді Гүлнар Черниязова.

Өздеріңізге белгілі, Ақтөбе облысы – тұрғын үйді пайдалануға беру жағынан көш басындағы үштіктің қатарында. Осы жылы кемінде 1,3 млн м2 жаңа баспана салу жоспарда бар.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button