Басты жаңалықтарРесми

Ералы Тоғжанов Парламент Сенатының депутаты Бауыржан Қаниевті қабылдады

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Ақтөбе облысынан сайланған депутаты Бауыржан Қаниевті қабылдады.

Кездесу барысында облыс әкімі халықтың әл-ауқатын арттыру, өңірдің әлеуметтік және экономикалық дамуы бойынша жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы хабардар етті.

Өз кезегінде Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келген Бауыржан Қаниев сапар бағдарламасы, ҚР Парламенті Сенатындағы қызметі туралы айтып берді.

Сонымен қатар, өңірдегі бірқатар өзекті мәселелер талқыланды, оларды шешу мемлекеттік биліктің жоғары органдары деңгейінде қаралуы қажет.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button