ДенсаулықЖаңалықтар

Іш ауырса…

Биыл өңірімізде жіті ішек инфекциясының 493 жағдайы тіркелді. Өткен жылмен салыстырғанда аурушаңдық көрсеткіші айтарлықтай өскен. Ақтөбе қалалық санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау басқармасының дерегінше, аурушаңдық балалар арасында жиі тіркеліп отыр.

Жаз маусымының басталуымен аурудың деңгейі жоғарылайды. Оның басты себебі — тағамның сақталу ережелерінің бұзылуы, сапасыз суды пайдалану, жеке бас тазалығының сақталмауы.

Жіті ішек инфекциясы — микроорганизмдер (бактериялар мен вирустар) тудыратын жұқпалы аурулар тобы, ас қорыту бұзылыстарымен, дегидратация белгілерімен және жалпы интоксика­ция түрінде көрінеді.

Инфекция қоздырғышы ішке түскен сәттен бастап аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейін 6 сағаттан 7 күнге дейін созылады. Іштің ауыруы, жүрек айну, құсу күніне 3 рет немесе одан да көп қайталанады. Бойыңызда жоғарыда айтылған клиникалық белгілер пайда болғанда жағдайда дереу дәрігерге қаралыңыз.

Жіті ішек инфекциясын болдырмау үшін мына ережелерді сақтау қажет:

— Жеке бас гигиенасын сақтап, қолды сабындап жуыңыз;

— Балаларға тек таза, залалсыздандырылған бөтелкеден су ішкізіңіз;

— Жеміс-жидектерді және көкөністерді асқа қолданар алдында әбден сумен жуыңыз;

Тез бұзылатын өнімдерді және дайын тамақты сақтау мерзіміне қарай 2-6 С температурасында сақтаңыз;

— Тез бұзылатын азық-түліктерді тоңазытқыштарда сақтаңыз;

— Тамақ өнімдерін, соның ішінде сүт, ет өнімдерін сатып алу кезінде сапасын куәландыратын құжаттарды талап етіңіз.

 Нұрлыгүл ҚАЛИЕВА,
Ақтөбе қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button