Мереке

Барлық бастаманың негізі

Алтай ТАЙЖАНОВ, Ақтөбе қаласының және Ақтөбе облысының құрметті азаматы, философия ғылымдарының докторы, профессор:

— Астана күні Қазақстанда еліміздің мемлекеттік мереке ретінде жыл сайын  6 шілдеде атап өтіледі. Астана күнінің өзіндік тарихы бар. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінде Қазақстан астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс  жасалды. 1997 жылы еліміздің астанасын ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойылды. Ал 1998 жылы Ақмола атауы Астана болып өзгерді. Сол кезден бастап Астана күні жыл сайын аталып өтеді.

Қай заманда да ел астанасы мемлекеттің саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени болған. Біздің астанамыз — елдікті, ұлттық бірлікті білдіретін бас қала. Біздің барлық бастамаларымыз, шешімдеріміз, игі істеріміз осы бас қаладан — Астанадан бастау алады. Себебі Мемлекет басшысы, Үкімет басшысы мен оның мүшелері, Жоғары заң шығарушы органымыз — Парламент — бас қалада. Біздің рухани өсуіміздің, білімділігіміз бен біліктілігіміздің деңгейінің көрінетін қаласы да осы — Астана. Жас ұрпақтарымыздың жаңа заманға сай өсуіне, олардың ұлттық санасының қалыптасуына Астана жұртшылығының деңгейі зор әсер етеді. Ендеше, біз Астананы бас қала, шаңырақ қала ретінде басқа қалаларымыз бен елді мекендерімізге, барша Қазақстан халқы мен қазақ ұлтына үлгі боларлықтай тұрғыда дамытуымыз керек. Құрметті ақтөбеліктер және облыс тұрғындары, сіздерді Астана күні мемлекеттік мерекесімен құттықтаймын!

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button