Мереке

Бақытты елдің Астанасы

Нұрлыбек ЖҰБАТҚАН,

Ғ. Жұбанова атындағы облыстық филармонияға қарасты

«Екі езу» сатира театрының директоры:

— 1991 жылы еліміз Тәуелсіздік алды. Жас мемлекеттің аяғынан тік тұруы, даму жолына түсуі қашанда оңайға соқпайды. Ал 1998 жылы ел астанасының жаңа қалаға көшірілуі осы ұлы іске серпін берген, жаңа мемлекетті алдағы күнге үлкен үмітпен ұмтылуға жетелеген қадам болды.

«Астана Сарыарқаға қиын кезде көшірілді» деген сөз де айтылады. Менің пікірімше, ең батыл қадамдар қиын кезде жасалады. Нақ сол 1998 жылы біз де «Екі езу» сатира театрының іргесін қалаған едік. 25 жыл бойы театр мерейтойларын еліміздің жүрегі — Астана қаласымен бірге тойлап келе жатырмыз. Соның ішінде Астана қаласында да бірнеше рет болып, көрерменнің ықыласына бөлендік. Биыл да театрдың 25 жылдығына орай Есіл жағасындағы ғажап шаһарға жаңа бағдарламамен барып, өнер көрсетпекпіз.

Баршаңызды Астана күнімен құттықтағым келеді. Тәуелсіз еліміздің бас қаласы жылдан-жылға көркейе берсін! Мәңгілік бейбіт елдің, бақытты елдің астанасы болсын!

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button