Мереке

Болашақтың қаласы

Нұртас ОМАРОВ,

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, әнші

 2013-2017 жылдар аралығында еліміздің астанасында тұрып, білім алдым. Студенттік шағым осы қалада өткендіктен, еліміздің шаһары маған өте ыстық. Бұл төрт жыл мен үшін қиындығы да, қызығы да мол жылдар болды. Оқу орнына түсу үшін грантқа өте алмай қалдым. Сондықтан ақылы бөлімде оқығандықтан, қосымша жұмыс жасауға тура келді. Менің бір ұққаным,  Астана қаласында тұрғысы келетін адам өзге қала тұрғындарына қарағанда, бірнеше есе артық жұмыс жасауы керек. Өйткені бұл қалада уақытпен санаспасақ болмайды. Бір күн ұйқыңнан кеш тұрсаң, сол күнгі табысыңнан қалып кеткендей боласың. Қаланың тыныс-тіршілігі тым ерте басталады. Мен ең алғаш рет Астанаға 2009 жылы ән байқауына қатысуға келгенмін. Ол кезде тек «Бәйтеректі» көріп кеткен едім. Қазір барған сайын «суда жүзген балықтай» емін-еркін аралаймын. Елорда күн сайын көркейіп келеді. Қаланың қазіргі бейнесін кешегісімен салыстыруға келмейді. 

Астана — болашақтың, жастардың қаласы. Есілдің бойын жайлай орналасқан бас қаламызға биыл — 25 жыл! Еуразияның жүрегінде орналасқан сұлу шаһардың одан әрі дамып, көркейе бергенін қалаймын!

Жасай бер, Астанам!

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button