Мереке

Құрбан айтта баспаналы болды

Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні Шалқар ауданы орталығындағы Жанаман ахун Сейітімұлы атындағы мешіттің маңына ақ шаңқан киіз үйлер тігіліп, халық жиналып, дұға-тілектер тілесті.

Бұл күні мешіт қасапханасында 2 ірі қара, 17 қой құрбандыққа шалынды. Сондай-ақ спорттық шаралар ұйымдастырылып, салт-дәстүрімізді көрсететін ұлттық ойындардың бәсекесі қызды.

Іс-шара барысында аудан әкімі Жанболат Жидеханов жиналған қауымды Айт мерекесімен құттықтап, Құрбан айт мейрамының мән-мақсатына тереңірек үңілудің ұрпақ үшін берері мол екенін атап айтты. Ауданның бас имамы Абзал Медетбеков игілікті шараны ұйымдастыруға атсалысқан барша жамағатқа алғысын білдірді. Имам Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен жүзеге асып жатқан «Ел үлесі — пәтерге» жобасы аясында Саламат Нығыметовке Шалқар қаласынан үш бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

Сонымен қатар мешіттің ішкі-сыртқы жұмыстарын қадағалап, өз еркімен ұдайы көмек қолын созып жүретін Алтынбек, Жоламан Бөлегеновтерге екі велосипед сыйға тартылды.

Ал қыз-келіншектер арасында ұршық иіру, домбыра тарту, мақал-мәтел жарысы өтті.Бұл күні 50 отбасына айт дорбалары үлестірілді. Мүмкіндігі шектеулі балалар да осындай сыйға ие болды.

Мұхтар МЫРЗАЛИН,

Шалқар қаласы.

МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА ТАРАТЫЛДЫ

 Құрбан айт мерекесінің үш күнінде облыста мұқтаж отбасылар мен 10 мекемеге 33,5 тоннадан астам ет таратылды.

Атап айтқанда құрбандық еті 4845 отбасы мен түрлі қайырымдылық мекемелеріне таратылды.

Айт мерекесінің бірінші күнінде 3530 отбасына ет жеткізілсе, екінші күні — 941 отбасына, ал үшінші күні 347 отбасынает апарылды.

Оңалту орталықтары, басқа да қайырымдылық мекемелері мен мұқтаж отбасыларға ет тарату ісі Бас мүфти Наурызбай Тағанұлының бастамасымен, Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы ұйымдастырған «Qurban — 2023» қайырымдылық акциясының аясында қолға алынды. Тілек білдірген адамдар құрбан малының етін өздері сойып әкелумен қатар, арнайы ашылған сайтта онлайн түрде тапсырыс беру арқылы да осы қайырымдылық акциясына үлес қосты.

ҚМДБ-ның облыстық өкілдігіатынан қайырымдылық акциясына атсалысқан барша азаматтарға алғыс айтамыз. Жасаған істеріңіз сауаптан жазылғай!

Құрбан айттағы қайырымдылық істер, ең алдымен, бірлігіміздің көрінісі деп білеміз. Халқымыздың бірлігі нығая бергей!

А. ТАЖИКОВА,

облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз хатшысы.

АУЫЗБІРШІЛІКПЕН АТАП ӨТТІ

Жаңатаң ауылында Құрбан айт мерекесі ұйымшылдықпен өтті.

Мерекеге арналған шараларды ұйымдастыруға сүттейұйыпотырған, береке-бірлігімықтыауылдыңпейілікең ер-азаматтарымен қатар, ауылданбұрын көшіп кеткен адамдар даатсалысты. Халқымыз үшін туған жер ұғымы — ерекше құндылық, қазақ баласының қайда жүрсе де, кіндікқанытамғанжерге, туған ауылғадегенқұрметініңшексізекеніносыдан да көругеболады.

Үлкен-кіші бас қосқанбұл шарада ауылортасындағысаябаққакиізүйтігіліп, дастарқан жайылып, ас тартылды, ауылжастарыөзөнерінортағасалып, үлкендердіңыстықықыласынабөленді. Күрес, арқантартыс, қолкүрес, гіртасынкөтеру, қошқаркөтерусынды спорт түрлеріненсайысөтіп,жеңімпаздарақшалайсыйлықтарменмарапатталды.

Бұл ауыл бұрыннан даНаурыз, Құрбанайтсынды мерекелерді ауызбіршілікпенөткізуді дәстүрге айналдырған.

Айнаш ІЛИЯСОВА,

Байғанин ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button