Ресми

Журналистер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мақалалар конкурсын өткізудің ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

1.1. Байқау сыбайлас жемқорлықтың алдыналуға журналистерді тартуға бағытталған;

1.2. Осы ереже конкурсты ұйымдастыру мен өткізудің мақсатын, міндеттерін, тәртібі мен шарттарын анықтайды;

 

2.Мақсаты мен міндеттері

Байқаудың мақсаты: Ақтөбе қаласы журналистерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру;

Міндеттері: Ақтөбе қаласында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды азайту;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін көтеру;

Белсенді журналистерді анықтау және қолдау;

  1. Ұйымдастырушылар

3.1. «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ қолдауымен «Атамекен» студенттік  отрядтарының жастар қоғамдық бірлестігі;

  1. Қатысушылар

4.1. Ақтөбе қаласының журналистері;

  1. Байқау қатысушыларына қойылатын талаптар

5.1. Байқауға қатысушы конкурсқа бір ғана жұмыс беруге құқылы.

5.2. Байқау жұмысы дербес орындалуға тиіс. Интернетте бар материалды пайдалануға тыйым салынады.

5.3. Байқауға қатысуға оның мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін, аяқталған, бірегей туындылар ғана қабылданады.

  1. Байқау жұмыстарын ұсыну тәртібі мен тақырыптары

6.1. Жұмыстарды қабылдау 2023 жылғы 22 мамырдан 20 маусымға дейін жүзеге асырылады.

6.2. Байқауға 2021 жылғы 1 қаңтардан 2023 жылғы 1 мамыр аралығында әзірленген мақалалар қабылданады.

6.3. Талаптарға сәйкес толтырылған Байқауға қатысуға өтінім (1-қосымшаны қараңыз) және конкурстық жұмыс Ережеде көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей берілуге тиіс. Өтінім – жұмыстарды Байқауға қатысушылардың тізіміне енгізу үшін қажетті құжат.

6.4. Барлық жұмыс Байқауды ұйымдастырушымен тіркеледі.

6.5. Материалдың мағыналылығы, сапалылығы, лексикалық және этикалық нормалардың сақталуы ескеріледі.

6.6. Байқау жұмыстарының электронды нұсқаларын (газетте жарияланған материалдың көшірмесі, өтінім)aseka-06.07.96@mail.ru мекен-жайына авторды көрсете отырып жіберу қажет. Өтінім үлгіге сәйкес толтырылуы керек.

  1. Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар

7.1.Конкурстық жұмыстар мынадай шарттар бойынша тексеріледі:

— конкурстық жұмыстың мәлімделген тақырыпқа және техникалық талаптарға сәйкестігі;

— плагиаттың болмауы;

— тақырыпты ашудың аргументтілігі мен тереңдігі;

7.2. Материал мазмұны ҚР заңнамасына қайшы келмеуге тиіс. Байқауға басқа адамдардың қадір-қасиетін және сезімдерін қорлайтын, байқау тақырыбын ашпайтын жарнамалық сипаттағы материалдар қабылданбайды.

  1. Авторлық құқық

8.1. Байқауға қатысатын жұмыстың авторлық құқықтарының сақталуына осы жұмысты жіберген автор жауапты болады. 

  1. Байқау жұмыстарының бағалануы 

9.1. Байқау жұмыстарын құрамына конкурсты ұйымдастырушылар, үкіметтік емес ұйым және мемлекеттік орган өкілдері кіретін комиссия мүшелері бағалайды. Комиссия шешімі конкурс жеңімпаздарын анықтаудағы негізгі шешім болып табылады.

9.2 Конкурс комиссиясы конкурсқа ұсынылған жұмыстарды келесі өлшемдерге сәйкес бағалайды:

— ұсынылған материалдың конкурс тақырыбына сәйкестігі;

— тақырыптың ақпараттылығы мен ашылу тереңдігі;

— өзектілігі;

— жұмыстың өзіндік ерекшелігі мен эстетикасы — жалпы эмоционалды қабылдау.

  1. Қорытынды шығару және байқау қатысушыларын марапаттау

10.1. 2023 жылғы 21-27 маусым аралығына дейін комиссияның жұмыстарды тексеру және бағалауы, конкурстың қорытындысын шығару;

10.2.2023 жылғы 28 маусымда — жеңімпаздарды салтанатты марапаттау.

  • Жүлделі І, ІІ, ІІІ орын иегерлеріне бағалы сыйлықтар, дипломдар табыс етіледі.

Толық ақпарат: +7 (778) 387-6377

Әсия ЖұмабекқызыУксумбаева

Журналистер арасында сыбайлас жемқорлыққа

қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған

мақалалар конкурсының  №1 қосымшасы

 Өтінім

 

Қатысушының Т.А.Ә.  
Туған жылы, айы, күні  
Тұрғылықты мекенжайы  
Байланыс ақпараты

(телефон нөмірі, E-mail)

 
Қатысушы туралы ақпарат

(жұмыс орны)

 
Конкурстық жұмыстың тақырыбы  
Жұмыстың қысқаша сипаттамасы  
Қосымша ақпарат (қатысушының қалауы бойынша)  

 

 

Мерзімі:

________________

 

Қолы:

________________

 

Журналистер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бейнесюжеттер конкурсын өткізудің

ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережелер

1.1. Байқау сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға журналистерді тартуға бағытталған;

1.2. Осы ереже конкурсты ұйымдастыру мен өткізудің мақсатын, міндеттерін, тәртібі мен шарттарын анықтайды.

2.Мақсаты мен міндеттері

Байқаудың мақсаты: Ақтөбе қаласы журналистерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру;

Міндеттері: Ақтөбе қаласында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды азайту;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін көтеру;

Белсенді журналистерді анықтау және қолдау.

  1. Ұйымдастырушылар

3.1. «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ қолдауымен «Атамекен» студенттік  отрядтарының жастар қоғамдық бірлестігі.

  1. Қатысушылар

4.1. Ақтөбе қаласының журналистері. 

  1. Байқау қатысушыларына қойылатын талаптар

5.1. Байқауға қатысушы конкурсқа бір ғана жұмыс беруге құқылы.

5.2. Байқау жұмысы дербес орындалуға тиіс. Интернетте бар материалды пайдалануға тыйым салынады.

5.3. Байқауға қатысуға оның мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін, аяқталған, бірегей туындылар ғана қабылданады.

  1. Байқау жұмыстарын ұсыну тәртібі мен тақырыптары

6.1. Жұмыстарды қабылдау 2023 жылғы 22 мамырдан 20 маусымға дейін жүзеге асырылады.

6.2. Байқауға 2021 жылғы 1 қаңтардан 2023 жылғы 1 мамыр аралығында әзірленген бейнесюжеттер қабылданады.

6.3. Талаптарға сәйкес толтырылған Байқауға қатысуға өтінім (1-қосымшаны қараңыз) және конкурстық жұмыс Ережеде көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей берілуге тиіс. Өтінім жұмыстарды Байқауға қатысушылардың тізіміне енгізу үшін қажетті құжат болып табылады.

6.4. Барлық жұмыс Байқауды ұйымдастырушымен тіркеледі.

6.5. Мағыналық толыққандылық, сюжеттің үйлесімділігі мен қисындылығы, лексикалық және этикалық нормалардың сақталуы ескеріледі.

6.6. Байқау жұмыстарын aseka-06.07.96@mail.ru электронды мекенжайына авторды көрсете отырып жіберу керек. Өтінім үлгіге сәйкес толтырылуы қажет және тиісті бейнесюжетті тіркеу қажет.

  1. Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар

7.1.Конкурстық жұмыстар мынадай шарттар бойынша тексеріледі:

– конкурстық жұмыстың мәлімделген тақырыпқа және техникалық талаптарға сәйкестігі;

– плагиаттың болмауы;

– тақырыпты ашудың аргументтілігі мен тереңдігі;

– идеяның жаңалығы және бейнесюжеттің орындалу сапасы;

– сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнама ретінде одан әрі пайдаланудың әлеуетті мүмкіндігі.

7.2 Бейнесюжеттер электронды түрде ұсынылады, форматы – MP4.

7.3 Бейнесюжеттің максималды ұзақтығы 3 минуттан аспауға тиіс.

7.4. Автордың бейнесюжетте көрінуі міндетті емес.

7.5. Бейнесюжетте монтаждау және түсіру кезінде арнайы бағдарламаларды, құралдар мен материалдарды қолдану қатысушының қалауы бойынша.

7.6. Байқауға қатысушылар бейнесюжет жанрын өздері анықтайды (сұхбат, репортаж, бейнеклип және т.б.).

  • Бейнесюжеттердің мазмұны ҚР заңнамасына қайшы келмеуге тиіс. Байқауға басқа адамдардың қадір-қасиетін және сезімдерін қорлайтын, байқау тақырыбын ашпайтын жарнамалық сипаттағы роликтер қабылданбайды.
  1. Авторлық құқық

8.1. Байқауға қатысатын жұмыстың авторлық құқықтарының сақталуына осы жұмысты жіберген автор жауапты болады.

8.2 Өз жұмысын Байқауға жібере отырып, автор автоматты түрде Байқау ұйымдастырушыларына ұсынылған материалды пайдалануға (ғаламтор желісінде орналастыруға) құқық береді.

8.3 Қажет болған жағдайда Байқауды ұйымдастырушылар автордан бейнесюжеттің түпнұсқасын сұрата алады.

  1. Байқау жұмыстарының бағалануы

9.1. Байқау жұмыстарын құрамына конкурсты ұйымдастырушылар, үкіметтік емес ұйым және мемлекеттік орган өкілдері кіретін комиссия мүшелері бағалайды. Комиссия шешімі конкурс жеңімпаздарын анықтаудағы негізгі шешім болып табылады.

9.2 Конкурс комиссиясы конкурсқа ұсынылған жұмыстарды келесі өлшемдерге сәйкес бағалайды:

– ұсынылған материалдың конкурс тақырыбына сәйкестігі;

– тақырыптың ақпараттылығы мен ашылу тереңдігі;

-өзектілігі;

– бейнесюжетті монтаждау кезінде материалды аяқталған тұтас бірлік ретінде қабылдауға мүмкіндік беретін логикалық құрамдас бөлігі бақыланады;

– жұмыстың өзіндік ерекшелігі мен эстетикасы — жалпы эмоционалды қабылдау;

– бейне түсіру сапасы. 

  1. Қорытынды шығару және байқау қатысушыларын марапаттау

10.1. Комиссия мүшелері 2023 жылғы 21 маусымнан 27 маусымға дейін жұмыстарды тексереді және бағалайды, конкурстың қорытындысын шығарады;

10.2.2023 жылғы 28 маусымда жеңімпаздарды салтанатты марапаттау.

Жүлделі І, ІІ, ІІІ орын иегерлеріне бағалы сыйлықтар, дипломдар табыс етіледі.

Толық ақпарат: +7 (778) 387-6377

Әсия Жұмабекқызы Уксумбаева

Журналистер арасында сыбайлас жемқорлыққа

қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған

бейнесюжеттер конкурсының  №1 қосымшасы

 Өтінім

Қатысушының Т.А.Ә.  
Туған жылы, айы, күні  
Тұрғылықты мекенжайы  
Байланыс ақпараты

(телефон нөмірі, E-mail)

 
Қатысушы туралы ақпарат

(жұмыс орны)

 
Конкурстық жұмыстың тақырыбы  
Жұмыстың қысқаша сипаттамасы  
Қосымша ақпарат (қатысушының қалауы бойынша)  

 

 

Мерзімі:

________________

 

Қолы:

________________

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button