Тұрғын үй сертификатын қалай алуға болады?
Жылжымайтын мүлікті сатып алу— едәуір инвестицияны қажет ететін күрделі мәміле.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске қосылған тұрғын үй бағдарламасы (бұдан әрі – «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы) шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары әлеуметтік көмек немесе бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау ретінде тұрғын үй сертификаттарын ұсынады.
Тұрғынүй сертификаты – «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін жергілікті атқарушы органның ақшалай міндеттемесінің нысаны.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті өкілді органдары (мәслихаттар) Заңның сәйкес тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындайды.
Тұрғын үй сертификаттарын беру тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджете көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Тұрғын үй сертификаттары ипотекалық бағдарламада, тұрғын үй құрылысы бағдарламасында немесе «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасында көзделген тәртіпте тұрғын үй алу кезінде тізбеге сәйкес келетін өтініш берушілерге беріледі. Бұл ретте өтініш беруші екінші деңгейдег ібанкке тұрғын үй сертификатын алу ниеті туралы ақпараттық жүйеден жазбаша хабарлама жолдайды.
«Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталында қызметті қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
1) ЭЦҚ-мен куәландырылған осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық өтініш;
2) осы қағидалардың 5-тармағында айқындалған халықтың әлеуметтік осал топтарының санаттарын қоспағанда жұмыс орнынан алынған анықтаманың электронды көшірмесі;
3) ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның мөлшері сомасы туралы мәліметтерді қамтитын өтініш берушіге тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы екінші деңгейлі банк хатының электронды көшірмесі.
Толық ақпарат алу үшін Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуға болады. Бөлімнің мекенжайы: Некрасов көшесі, 112.
Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының ақпараттандыру
және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімі.