Мереке

«Бір шаңырақ астында»

С.Бәйішев университетіндеәлеуметтік-мәдени даму департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы бірлігі мерекесіне арналған кафедралар арасында «Бір шаңырақ астында» атты сайыс өтті.

Сайыста әр этнос өкілдері сәлемдесіп, ұлтын таныстырып, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына тоқталды. Өз өнерін көрсету барысында сайысқа қатысушылар ән шырқап, би билеп, кішігірім көрініс көрсетті. Одан соң ұлттық тағамдарының ерекшеліктері мен жасалу жолдарын түсіндіріп өтті. Сайыс қатысушылардың ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін шыңдаса, ал көрерменге керемет әсер қалдырды.

Түрлі ұлт өкілдерінен құралған төрешілердің шешімімен сайыстың бас жүлдесін «өзбектердің» командасы жеңіп алды. Бірінші орынға «Уджон» командасының намысын қорғаған «кәрістер» ие болды. Екінші орынды «Siabroustva» командасының «беларустары», үшінші орынды «Dunyasa» командасының «сығандары» иеленді. «Қытайлар»— «Ерекше костюм», «үнділер»«Үздік ұлттық би» номинациясы бойынша үздік көрінді. Ал «түріктер» «Көрермен көзайымы» номинациясына лайық деп танылды.

Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан халықтың бар тілегі — бірлік пен достық, татулық пен тыныштық. Бұл сайыс та соның дәлелі.

Жұлдыз СҰЛТАН,

С.Бәйішев университетінің «Рухани жаңғыру» орталығы директоры.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button