Басты жаңалықтарМереке

Ералы Тоғжанов қобдалықтарды Ораза Айт мерекесімен құттықтады

Бүгін Қобда ауданының Қобда ауылында қасиетті Рамазан айының аяқталуы – Ораза Айтқа байланысты мерекелік іс-шаралар өтуде.

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов аталған іс-шараларға қатысып, Рамазан айының барша мұсылман үшін маңыздылығын атап өтті.

💬 «Рамазан – мұсылман қауымының ерекше ықыласпен күтетін айы. Барлық дұғалар мен тілектер қабыл болсын. Бүгін осындай жарқын мерекеде тұрғындардың жиналып, бас қосқанына қуаныштымын. Әр қиындықтың артында жеңіс бар. Сіздер қиын сәтте шетте қалмай, бірліктің туын биік ұстадыңыздар. Бұл қобдалықтардың рухының күштілігін көрсетеді», – деп атап өтті облыс әкімі.

Іс-шара түстен кейін де жалғасты. Балаларға балмұздақтар мен тәттілер таратылды. Жігіттер тай жарысы, 9 шақырымдық құнан бәйге, 15 шақырымдық аламан бәйге секілді спорттық жарыстарда бақтарын сынады.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button