Басты жаңалықтарМереке

Қадірлі достар! Құрметті ақтөбеліктер!

 

Баршаңызды 1 наурыз Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Толассыз  алғыстар жауатын осы бір мәні зор, мағынасы ерекше күнді еліміз жеті жылдан бері атап өтіп келеді.

Бұл күн — тағдыр бір шаңырақтың астына тоғыстырған сан түрлі ұлт өкілдері ғана емес, ата мен баланың, үлкен мен кішінің, аға буын мен кейінгі ұрпақ арасындағы сыйластық пен татулық, достық пен бірлік, ырыс пен ынтымақ арта түсетін өзара құрмет пен сыйластықтың мерекесі.

Кез келген қоғам ниеттес, мүдделес адамдардың бірлігінің, мызғымас татулығының арқасында дамиды. Осы әдемі мереке қарсаңында өңіріміздің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген барша ақтөбеліктерге алғысымды білдіргім келеді. Ең алдымен қашанда елдің сөзін сөйлейтін, сөзі баталы, ауызы дуалы алдыңғы буын аға-апаларымызға алғысымды білдіремін.

Ұрпаққа сапалы білім, тәлімді тәрбие беруде еңбегі өлшеусіз барша ұстаздар қауымына, тұрғындар денсаулығы үшін күні-түні уақытпен санаспай еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандарға барша ақтөбеліктер атынан алғыс білдіремін!

Өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық саласының дамуы үшін еңбек майданында аянбай тер төгіп жүрген диқандар мен шаруаларға, шахтерлер мен металлургтерге, мәдениет, спорт саласы қызметкерлеріне, кәсіпкерлер мен бизнес өкілдеріне, билік пен бұқара арасында алтын көпірге айналған тілшілер қауымына, асыл сөзді ардың ісі санаған қалам ұстаған замандастарымызға, облыстың намысын қорғап жүрген споршыларымыз бен өнер адамдарына   — өңіріміздің дамуында еңбек етіп жүрген барша ақтөбеліктерге алғыс білдіремін. Ел ертеңі, қоғамның қозғаушы күші, сауатты да, қазіргі заманғы біліммен қаруланған жастарымызға да шынайы алғысымды білдіремін!

Еліміз аман, бірлігіміз бекем болсын!

Қазақта «батаменен ел көгерер» деген жақсы сөз бар. Адамдардың батасын, ризашылығын алуды үлкен мәртебе санайтын алаштың ерекше мерекесі — Алғыс айту күні баршамызға құтты болсын!

Ералы Тоғжанов,  Ақтөбе облысының әкімі

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button