Басты жаңалықтарМереке

Облыс әкімі еңбек ардагерлері мен ғасыр жасаған қарияларды Алғыс айту күнімен құттықтады

Алғыс айту күні қарсаңында Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов туған жерінің игілігі үшін адал еңбек еткен жандарды құттықтады.

Олардың қатарында ағарту, кітапхана саласының ардагері, жазушы Тобық Жармағамбетовтің жұбайы Сәпия Кенжебайқызы бар.

Өңір басшысы өңірдің дамуына, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан елеулі үлесі үшін Сәпия Кенжебайқызына алғысын білдірді.

Биыл 108 жасқа толған Жәкібай Бисенғалиеваға алғыс хат, гүл шоқтары мен сыйлықтар табыс етілді. Тыл еңбеккері, соғыс жылдары ұжымшарда жұмыс істеген, Ұлы отан соғысы мүгедегінің жесірі. Жеңіс күніне арналған барлық мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Қазақтың белгілі өнер зерттеушісі, күйші Абдулхамит Райымбергеновтің анасы Хатима Райымбергенова биыл 90 жасқа толады.Ол – білім саласына еңбек сіңірген ардагер, төрт ұлы анасының ізін қуды.

«Сіздердің және замандастарыңыздың арқасында Ақтөбе облысы бүгінде Қазақстанның игілігі жолында еңбек етіп жүрген лайықты ұл-қыздарды тәрбиелеп шығарды. Ақтөбеліктердің атынан баршаңызға өлшеусіз еңбектеріңізге, бір емес, бірнеше ұрпаққа берген білімдеріңізге, жастарды тәрбиелеуге қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамын», – деді Ералы Тоғжанов.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button