Басты жаңалықтарМереке

Алғыс айту күні Ералы Тоғжанов өрт сөндірушілерге ерен еңбектері үшін алғысын білдірді

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов төтенше жағдайлар департаментінің №2 мамандандырылған өрт сөндіру бекетінде болып, жеке құраммен кездесіп, өрт сөндіру қызметінің бірқатар қызметкерін алғыс хаттармен марапаттады.

«Алғыс айту күні – Тәуелсіз Қазақстанның құрылуына үлес қосқан әрбір адамға құрмет көрсету күні. Солардың арасында жұмысы өте маңызды, бірақ кейде елеусіз қалатындары бар. Кәсіби шеберліктеріңіз бен жанкешті жұмыстарыңыз, қажырлы еңбектеріңіз үшін алғысымды білдірейін деп арнайы келдім. Сіздер адамдардың өмірін сақтап қалу басты міндет болып табылатын жоғары және жауапты қызмет жолындасыздар. Қаһармандық пен ерліктеріңіздің арқасында ондаған, жүздеген адамды құтқарып қалдыңыздар. Сіздерге мың алғыс», – деп атап өткен облыс әкіміес қызметкерді алғыс хатпен марапаттады.

Марапатталғандар қатарында №2 өрт сөндіру бөлімшесінің командирлері Мәндібай Мәмбетұлы, Жасұлан Темірбек, Қайыржан Тюрин, Бауыржан Тортаев, Алтынбек Ерғожин бар.

Облыс әкімі бөлімшенің техникалық жарақтандырылуымен, 16 көліктен тұратын мамандандырылған техника паркімен танысты.

Бүгінде өрт сөндіру бөлімінде 89 қызметкер жұмыс істейді.

Дереккөз: Ақтөбе облысы әкімдігінің сайты

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button