Жаңалықтар

Ардагерлерге құрмет азаймайды

Жұмыс бабымен Шалқар ауданына келген облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтов жуырда ашылған белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жұмысымен танысып, ардагерлермен кездесті.

Тәжірибесі мен тәрбиесі көп ақсақалдардың өңірдің өркендеуі бағытындағы берген ақыл-кеңестері ерекше бағаланады.  Елімізде болып жатқан өзгерістерге қатысты ойларыңызды білдіріп, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық сақтауда салиқалы сөздеріңізбен үлгі болып келесіздер. Сондықтан ардагерлерге құрмет ешқашан азаймайды, — деді аудан әкімі Жанболат Жидеханов кездесуде.

Шалқар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Елубай Төлепберген ардагерлердің уақыттарын тиімді өткізуге ойластырылған бұл нысанның қарттардың белсенділігін арттыруға қолайлылығын айтып, алғысын білдірді.

Бұдан соң облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтов зейнеткерлермен  пікірлесіп, ұсыныс-тілектерін тыңдады.

Кездесу соңында ардагерлер мұндай заманауи үлгідегі орталықты ашып бергені үшін аудан басшылығына ризашылығын айтып, баталарын берді.

Екі қабатты ғимаратта дойбы, үстел теннисі, жаттығу залы, тігін шеберханасы, массаж бөлмесі бар.  Ақсақалдар осы жерде уақытын тиімді өткізіп, спорттық-мәдени шараларға қатысады.

 Мейірлан ДӘНЕКЕРОВ,

Шалқар қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button