Жаңалықтар

Жыл сайынғы «бағаны тежеу» акциясы басталды

Облыс әкімдігі өңірдегі ірі сауда желілерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бекіту туралы меморандумдарға қол қойды.

Атап айтқанда, аталған құжат аясында «Анвар» және «Dina market» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері сауда желілерінде әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік тауарының бағасына қосылатын үстемеақыны 5 пайыздан асырмайды.

Меморандум мереке алдында және мереке кезінде бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында жасалды.

Кәсіпкерлік басқармасының хабарлауынша, «Бағаны тежеу» айлық акциясы 20 желтоқсанда басталып, 2023 жылдың 20 қаңтарына дейін жалғасады.

Акциялық тауарларға «Әлеуметтік тауар» деген белгі қойылады.

«Ақтөбе-ақпарат».

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button