Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына кандидат ұсынылды

Хромтау аудандық мәслихатының кезектен тыс 26 сессиясында «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына кандидат ұсыну туралы» мәселе қаралды.
Бұл мәселе бойынша «Қазақстан мәслихаттары депутаттары бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Хромтау өкілдігінің төрағасы Дәурен Молдашев сөз алып, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат ретінде Амангелді Шайхуллаұлы Нұғмановты ұсынды, сонымен бірге депутаттарды оның өмірбаянымен таныстырып, ұсынысына қолдау білдіруді сұрады.
Аталған ұсынысқа байланысты «Қазақстан мәслихаттары депутаттары бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі Ақтөбе облыстық филиалының атқарушы директоры Келдібай Еспағамбетов қоғамдық бірлестік атынан Амангелді Нұғмановтың кандидатурасына қолдау сөзін айтты.
Аудандық мәслихаттың депутаттары үміткерге бірнеше сауалдар қойып, өзара талқылағаннан кейін облыстық мәслихаттың хатшысы Амангелді Нұғмановтың Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына кандидатурасына бірауыздан қолдау білдірді.

Хромтау аудандық мәслихаты.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button