Жаңалықтар

Тағы да көш бастады 

Брифинг

Еліміз бойынша кәсіпкерлік саласында  Ақтөбе облысының рейтингі  2 жыл қатарынан 1-орында келеді. Ресми ақпарат бойынша Ақтөбе облысында  87 411 шағын және орта бизнес  субъектісі тіркелген.

Оның қазіргі таңда 78 858-і жұмыс істеп тұр. Шағын және орта бизнестің өнімі 640,2 миллиард теңгені құрап отыр. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 5 пайызға артық. Осы сала бойыншажұмыспен қамтылған адам саны 166,5 мыңға жетті.

Бұл деректерді облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрхан Тлеумұратов «Кәсіпкерлікті дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау шаралары» тақырыбында өткізілген брифингте журналистерге айтып берді.

2022 жылдан бастап кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде  қаржылық және қаржылық емес қолдау тетіктері іске қосылды. Қаржылық қолдауда субсидиялау есебінен кредиттер мөлшерлемесін азайту және кредиттерге кепілдік беру «Даму» қорының қатысуымен жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, бағдарлама шеңберінде гранттар беру және жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу түрінде қолдау көрсетіледі.

Ұлттық жобаның бюджеті — 11,8 миллиард теңге.Ұлттық жоба шеңберінде жыл басынан бері 1 қарашаға дейін  барлығы 3179 жоба мақұлданған.Оның 3164 жобасы«Бизнестің жол картасы — 2025» бағдарламасы арқылы іске асты.Ұлттық жобаға қатысушылар бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері 12,2 мың жұмыс орнын ашқан.

Ең тартымды қолдау5 миллион теңгеге дейін грант беру болды.Гранттар конкурс қорытындысы бойынша беріледі, оның нәтижесімен 140,0 миллион теңгеге 37 жоба мақұлданды.Байқау жылына 1 рет өткізіледі. Келесі жылы грант көлемін 10 миллион теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда. Бұл ретте жобалар тек өңдеу өнеркәсібінде ғана қаралатын болады.Жобаны іске асыру мерзімі —3 жыл. Жоба іске асырылмаған жағдайда грант қаражаты өтелетін болады. Бизнесті қолдаудағы басты мәселе ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесін беріп отыр. Осы мақсатта мемлекеттік органдар мен банк және қаржы институттарының басшыларынан тұратын ақпараттық-насихаттау тобы құрылды. Облыс аудандарында B2B форматында кездесулер өткізіледі, онда жергілікті жерде кәсіпкерлік саласындағы проблемалық сұрақтарға толық жауаптар беріледі, — дейді Н.Тлеумұратов.

Бизнесті дамытуда инфрақұрылыммен қамтамасыз ету маңызды рөл атқарады.

Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен жобаларға инфрақұрылым жүргізу мақсатында 439,5 миллион теңге қаржы қарастырылған.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 814,5 миллион теңгеге жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу бойынша 27 жобаны іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Брифингке қатысқан «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының Ақтөбе облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Дидар Боранқұловтың айтуынша, кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын кеңестің жұмысы жанданбақ.  Кейбір мемлекеттік бақылаушы органдар тарапынан қойылатын талаптарды оң бағытта шешу үшін заңгерлер,прокуратура өкілдерімен тығыз байланыс орнатылған.

Жергілікті кәсіпкерлердің шығарған өнімін өткізу,нарыққа шығару жұмыстары жүйелі түрде іске асатын болады. Арнайы құрылған комиссия арқылы облыста орналасқан ірі мұнай компанияларына тауар өндірушілердің өнімін сатуға қолдау көрсетеді. Мұндай келісімшарттардың арқасында «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясы өңірдегі тауар өндірушілердің өндіріске қажетті тауарлар өнімін 5 миллиард теңгеге сатып алды. Жергілікті тауар өндірушілердің әлеуетін ескере отырып, сұраныс пен тапсырысқа сай тауар алушылардың тізімін кеңейту жұмыстары жалғасын табады.

Самат НАРЕГЕЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button