Жаңалықтар

Сұйытылған газ тапшылығы неден?

Мәслихат

Депутаттар өңірге сұйытылған газ жеткізу бойынша проблемалық мәселелерді қарады.

Бұл мәселе облыстық мәслихат депутаты Әсел Шүнкееваның төрағалығымен өткен уақытша комиссияның отырысында қаралды. Комиссияның жұмысына облыстық мәслихат депутаттары, облыстық қоғамдық кеңес мүшелері, «Ақтөбе облысы бойынша сұйытылған газ жеткізушілер қауымдастығы» ЗТБ өкілдері, «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы»ММ газ және газбен жабдықтау бөлімінің басшысы қатысты.

Қазіргі уақытта өңірде айына 3,5 мың тонна көлемінде сұйытылған газ тапшылығы байқалады.

—Облыста сұйытылған газдың қажеттілігі айына 15 мың тоннаны құрап отыр. Уақытша комиссия мүшелері қолда бар ақпарат негізінде бұл мәселені жан-жақты талқылап, нақты шешімге келуге тиіс, — деді Әсел Шүнкеева.

Талқылау барысында облыстағы газ тапшылығының негізгі себебі оның көліктерге газ құю стансалары мен газ толтыру стансалары арасында әділетсіз бөлінуінде екені анықталды.

Комиссияның кейбір мүшелерінің пікірінше, бұған газ толтыру стансаларының манипуляциялық әрекет теріс ебеп болуы мүмкін.

Талқылаудан кейін уақытша комиссия мүшелері отырыста«Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдықшаруашылық басқармасы» ММ газ және газбен жабдықтау бөлімінің басшысы және «Ақтөбе облысы бойынша сұйытылған газ жеткізушілер қауымдастығы» ЗТБ төрағасы ұсынған ақпаратты назарға алу қажет деп шешті.

Бұдан басқа ҚР ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспарын қалыптастыру Қағидаларын өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізу туралы шешім қабылданды. Жедел шешім қабылдау үшін облыс аумағында сұйытылған мұнай газын жеткізуге арналған негізгі өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссияның құрамына Ақтөбе облысының аумағына сұйытылған мұнай газын жеткізу мәселесін қарау жөніндегі уақытша комиссияның мүшелерін қосу ұсынылды.

Н.ДӘНЕКЕРОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button