Жаңалықтар

Медициналық көмек көрсетілді

Акция

«Туған жерге тағзым» акциясы аясында облыс орталығынан бір топ дәрігер Байғанин ауданына барып, аудан халқына медициналық көмек көрсетті.

Аудан әкімінің бастамасымен, аудандық аурухананың ұйымдастыруымен білікті хирург, анестезиолог-реаниматолог, акушер-гинеколог, травматолог дәрігерлер келіп, тұрғындардың хал-жағдайын тексеріп, жоспарлы ота да жасады.

Байғанин ауданында бір орталық аудандық аурухана, жеті дәрігерлік амбулатория, 16 медициналық пункт қызмет көрсетеді. Екі күнге созылған акцияның нәтижесінде 300-ге тарта аудан тұрғыны дәрігерге қаралып, кеңес алды.

Аудан әкімі Қайрат Орынбасарұлы емделіп жатқан науқастардың жағдайын біліп, жазылып шығуларына тілек білдірді. Ол ауданға келген дәрігерлерге ризашылығын білдіріп, Алғыс хат табыстады.

Ауыл халқы маман дәрігерлерді іздеп қалаға сабылмай, өз ауылында жүріп денсаулығын түзеуге мүмкіндік алғанына қуанып қалды.«Туған жерге тағзым» акциясы аясында алдағы уақытта да осындай іс-шаралар өткізілетін болады.

Насиба ЗАРЛЫҚОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button