Жаңалықтар

Сайлау заңға сәйкес өтуі керек

«Адал сайлау үшін» штабының миссиясы аясында Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Конституция реформалары және ҚР сайлау жүйесі» тақырыбы аясында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, студенттер және профессор-оқытушылар құрамы кездесу өткізді.

Кездесу барысында профессор, «Адал сайлау үшін» штабының мүшесі Ермек Әбдірасұлов Zoom арқылы байланысқа шығып,сайлау процесін түсіндіріп,сайлау үдерісіне қатысушыларға құ­қық­тық көмек көрсету жөнін­де сөз қозғады.

Адал сайлаудың нақты не екенін көп адам біле бермейді. Штаб мүшелері сол үшін әр өңірде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ол — кандидат ретінде өзін ұсынудан бастап, халық арасындағы үгіт-насихаттың, сайлау жұмысының ашық өтуі, байқаушылардың атқаратын қызметтері, сайлау орындарының дайындығы, тағы басқа да жұмыстардың заңға сәйкес болуы. Әр азаматтың сайлауға қатысу еркiндiгiнiң болуы да адал сайлауды білдіреді, —  дейді Ермек Әбдірасұлов.

Штаб мүшесі, Қазақстан Заңгерлер одағы Астана филиалының төрағасы Серік Беркамалов қатысушыларды сайлау заңнамасының негізгі ережелерімен таныстырды.

Еске сала кетейік, осы жылдың 27 қыркүйегінде еліміздің «Қазақстан Заңгерлер одағы»  республикалық қоғамдық бірлестігінің базасында «Адал сайлау үшін» штабы құрылды.Штаб мүшелері халыққа сайлау заңнамасын түсіндіріп, құқықтық көмек көрсетеді.

Насиба ЗАРЛЫҚОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button