Жаңалықтар

Ұстазға құрмет

Ардагер-ұстаз, ғалым-педагог Ниетжан Берікұлының 95 жылдық мерейлі жасқа толуына арналған салтанатты жиын Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің мәжіліс залында өтті.

«Ғибратқа толы ғұмыр» деп аталған бұл басқосуда педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Ниетжан Берікұлының өмір жолы мен білім мен ғылымға қосқан үлесі, жастар тәрбиесіндегі елеулі үлгісі туралы жан-жақты айтылды.

Аталған университет президентінің кеңесшісі, философия ғылымдарының докторы, профессор  Бекежан  Ахан көрнекті аға буын өкілімен ұзақ жылдар әріптес болғандығын, сондықтан да оның адамгергешілік, ұстаздық-ғылыми қасиеттерін көбірек білетінін айтып, нақты мысалдармен әңгіме желісін өрбітті.

Жиында облыс әкімі Ералы Тоғжановтың Құттықтау хаты оқылды.

Көпшілік алдында доцент, филология ғылымдарының кандидаты Жаннұр Исина ұстаз ұлағаты туралы әсерлі баяндама жасады.

Мерейтой иесін облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан, Марат Оспанов  атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы  Әсер Қалиев, Құдайберген  Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің проректоры Есбол Мұқанбетқалиев, Сақтаған Бәйішев атындағы университеттің доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Шыныбек Бұқарбаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтов және басқалары құттықтады және сый-сияпаттарын тапсырды.

Н.ӘБДІЛДАҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button