Жаңалықтар

Тікелей желі

ТАЗА ҚАЛА

Құрметті оқырмандар!

27 қыркүйек күні сағат 11.00-де «Ақтөбе Медиа» ЖШС баспасөз клубында «Тікелей желі» өтеді.

Онда қаланы көріктендіру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жұмысы, қалдықтарды шығару, көпқабатты және жеке үйлердің аулаларын, олардың маңайын, қоғамдық әлеуметтік демалыс орындарын санитарлық тазарту, көгалдандыруға байланысты көкейкесті түйіндерді анықтау көзделеді.

Жұртшылықтың сауалдарына Ақтөбе қаласындағы Астана және Алматы аудандары әкімдіктерінің, тиісті мемлекеттік мекемелердің, арнаулы кәсіпорындардың, мердігерлік компаниялардың, меншік иелері бірлестіктерінің өкілдері, қоғам белсенділері және белсенді азаматтық ұстанымы бар қала тұрғындары жауап береді.

Тікелей желі телефоны—8 (7132) 90-71-67.

Сіздерге қолайлы болуы үшін сауалдар, сондай-ақ @aktobegazeti:инстаграмм парақшасында жәнеaktobegazeti@mail.ruэлектронды поштасы арқылы қабылданады.

Тікелей желісанитарлық-экологиялық екі айлық аясында жүргізіледі.Ол облыс әкімінің тапсырмасы бойынша 12 қыркүйекте бастау алды және 4 қарашаға дейін созылады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button