Ресми

«Самұрық-Қазына» IPO туралы түсіндіреді

Құлаққағыс

«Самұрық-Қазына» қоры еліміздің барлық өңірлерінде IPO тақырыбында тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру кездесулерін бастайды.

Еліміздегі 60-тан астам қаладахалықпен, кәсіпорын жұмыскерлерімен және қоғам қайраткерлерімен кездесулер өтеді. Іс-шараларға «Самұрық-Қазына», «ҚазМұнайГаз» ҰК», «Қазпошта», AIX және KASE қазақстандық қор биржаларының және брокерлік-дилерлік ұйымдардың өкілдері қатысады.

«Самұрық-Қазына» АҚ мақсаттарының бірі — барлық қазақстандықтардың IPO-ға қатысуын қолжетімді ету. Үкіметтік Жекешелендіру жоспарын іске асыру шеңберінде, Қор Қазақстан азаматтарына өз активтерін бәсекелес ортаға шығару тетіктері және елдің ірі компанияларының IPO-ға қатысу мүмкіндіктері туралы толық ауқымды ақпарат таратуды жалғастырады.

Ал IPO (Initial Public Offering) — компания акцияларының алғашқы жария орналастыруы, сонымен қатар ол эмиссия деп те аталады.

Сарапшылар қоғамды Қордың жекешелендіру бағдарламасының және портфельдік компаниялардың IPO-ның іске асырылу барысымен, оның ішінде бірінші IPO-кандидаты — «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниясына қатысты негізгі ақпаратпен таныстырады.

Айтпақшы, 2025 жылға дейін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 8 ірі активі, оның ішінде IPO арқылы бәсекелес ортаға ішінара шығарылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ IPO-сы осы жылға жоспарланған. Естеріңізге сала кетейік, 2012-2020 жылдар аралығында Қордың бірнеше ірі компаниялары қазақстандық қор алаңдарында акциялардың листингін өткізді. «Самұрық-Қазына» портфельдік компанияларының IPO-ның табыстылығы төленген дивидендтердің көлемімен және компаниялардың листингі басталғаннан бастап олардың нарықтық капиталдандыруының ұлғаюымен расталады. Мәселен, KazTransOil компаниясында акциялар құнының өсімі 121 пайызға, KEGOC 281пайызға, Kazatomprom 383 пайызға жетті.

«Самұрық-Қазына» АҚ қоғаммен байланыс департаменті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button