Басты жаңалықтарСпорт

Арсен — әлем чемпионатының жүлдегері

  • Сүйінші

Ақтөбелік жас спортшы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Шалқар топырағынан шыққан жас спортшы Арсен Жұма Италияның Рим қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды.

Күрес түрлері бойынша жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты биыл 25-31 шілде аралығында Италия астанасында өтіп жатыр. Жас балуандар грек-рим күресі, еркін күрес және әйелдер күресі бойынша бақ сынайды. Оның ішінде грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының (бас бапкер — Алмат Кебісбаев) сапында екі ақтөбелік жас балуан бар: Арсен Жұма (48 кг) және Бекнұр Мұқан (45 кг).

Арсен жарыс жолына алғашқы күні шыққан балуандардың сапында болды. Ол жартылай финалға дейінгі жекпе-жектерді жақсы өткізіп, жартылай финалда Иранның өкілі — Әли Ахмади Вафадан жеңілді. Ал 26 шілдеде өткен қола үшін белдесуде армениялық Тигран Галстянды 5:3 есебімен жеңді.

Ал Бекнұр Мұқан жұбаныш белдесуіне шығып отыр. Осы белдесуде грузин Гиорги Кочалидзені ұтса, ирандық Паяма Фарзада Ахмади Балутакимен қола жүлдеге таласатын болады.

Айта кетейік, Арсен Жұма — әлем чемпионатының үш мәрте жүлдегері Мейрамбек Айнағұлов шыққан Шалқар спорт мектебінің түлегі, қазіргі күні Есет батыр атындағы олимпиядалық резервтегі мамандандырылған колледжде оқиды.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button