Әлеумет

Мұқтаж жандарға көмек

Қайырымдылық

Мұсылмандардың қасиетті Құрбан Айт мерекесінде Қазақстан Қызыл Ай қоғамының Ақтөбе филиалы Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Қызыл Ай өкілдігінің қолдауымен құрбандыққа екі бас ірі қара мал шалып,  60 отбасына таратты. Әрбір отбасы 5 килограмнан ет алады. Оның ішінде 50 адам асыраушысынан айрылғандар тобына кіреді, олар Біріккен Араб Әмірліктерінен ай сайын 50 доллар жәрдемақы алады. Қалған 10 адам халықтың әлеуметтік осал топтарына жатады, олар кез келген  көмекке мұқтаж жандар.

Біріккен Араб Әмірліктерінің Қызыл Ай өкілдігі биыл  Ораза айт мерекесінде де ақтөбеліктерге азық-түлік пакеті түрінде гуманитарлық көмек көрсеткен болатын.

Ж.КӨШЕРБАЕВ. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button