Жаңалықтар

Балаларға базарлық

Шалқар ауданында Балалар жылына және Балаларды қорғау күніне орай «Балаларға базарлық» атты мерекелік іс-шара өтті.

Шалқар аудандық ауруханасының қолдауымен және «Саулық» волонтерлер тобының ұйымдастыруымен өткен шараға медицина қызметкерлерінің балалары қатысты.

Аудандық аурухананың бас дәрігері Жанкелді Былқайыр барша бүлдіршінді атаулы мерекемен құттықтап, 20 балаға 20 мың теңгеден қаржылай сыйлық пен ойыншықтар табыстады. Риза болған ата-аналар өз алғыстарын жаудырды.

Шара соңында барлық балаға тегін балмұздақ таратылды.

Сондай-ақ «Саулық» еріктілері 4 отбасының үйіне 50 мың теңгеден ақшалай сыйлық пен балаларға ойыншықтар үлестірді. Аталған еріктілер тобының жетекшісі Гүлайым Алпысбаева осындай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

А.ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button