Референдум

Ақтөбе қаласы азаматтарының назарына!

2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдумның өткізілуіне байланысты Ақтөбе қаласының аумақтық референдум комиссиясы қалада 162 референдум учаскесі жұмыс істейтінін еске салады. Референдум учаскелерінің шекарасы, учаскелік референдум комиссияларының құрамы 2022 жылғы 13 мамырда «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланды.

Азаматтардың тізімдеріне тиісті референдум учаскелерінің аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелген азаматтар енгізіледі. Азаматтарға тиісті референдум комиссияларының үй-жайларында азаматтардың тізімдерімен танысу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі, сондай-ақ азаматтардың тізімдерінде азаматтарды тексеру және референдум учаскелері орталықтарының орналасқан жерін нақтылау мәселелері бойынша барлық қажетті кеңестер берілетін call-орталық жұмыс істейді.

Call-орталықтың жұмысу ақыты – демалыссыз, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, телефон нөмірі: 44-55-66, электронды поштасы: aktobe@akto.kz.

Сондай-ақ Ақтөбе қаласының тұрғындары референдум учаскесін Ақтөбе қаласы әкімдігінің ресми сайтында https://referendum-akt.kz сілтемесі және Telegram мессенджері t.me/Akimat04bot арқылы анықтауға болады.

Құрметті азаматтар, сіздерді референдумға белсене қатысуға шақырамыз!

Басқа жаңалықтар

Back to top button