Ақтөбе облыстық мәслихатының кезекті сегізінші сессиясын шақыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Облыстық мәслихаттың кезекті сегізінші сессиясы 2022 жылғы 25 мамырда сағат 10.00-ге шақырылсын.
Сессияның күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілсін:
- 2021 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы облыс әкімдігінің есебі.
1.1. 2021 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы және әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы облыс әкімдігінің баяндамасы.
Баяндамашылар: Н.Өнербаев — қаржы басқармасының басшысы.
1.2. 2021 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуын бақылау нәтижелері бойынша Тексеру комиссиясының баяндамасы туралы.
Баяндамашы: Қ.Кенжин — Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы.
1.3. Облыс әкімдігінің 2021 жылғы облыстың даму жоспарын іске асыру туралы баяндамасы.
Хабарламашы: Г.Сүйінтаева — экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.
1.4. 2021 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп бойынша бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияның қорытындысы.
Хабарламашы: С.Шынтасова — облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы.
- Облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 9 желтоқсандағы №80 «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Хабарламашы: Г.Сүйінтаева — экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.
- Өзге сұрақтар.
Облыстық мәслихаттың хатшысы А.НҰҒМАНОВ.