Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру бастауы — әдебиет

Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Ақтөбе қаласындағы «Білім» орта мектеп-гимназиясының мәжіліс залында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының 5 жылдығына орай «Рухани жаңғырудың бастауы — әдебиет» атты әдеби керуен өткізді.

Оқырмандарға жыршы Нұрпейіс Байғаниннің, Қуандық Шаңғытбаев пен Тахауи Ахтанов сынды қаламгерлердің, ақ тарының атасы Шығанақ Берсиевтің, мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтің, ғылым мен білімді жетік меңгеріп, рухани мәдениеттің өркендеуіне зор үлес қосқан алаштың ардақты ұлдары ағайынды Құдайберген, Ахмет Жұбановтардың өмірі мен шығармашылығы, еңбек жолдары туралы айтылды.

— Ұлттық дәстүрімізді жаңғыртып, рухани, мәдени саланы одан әрі дамыту  мақсатында өңірде облыстық тарихи-өлкетану музейі, «Жұбановтар әлемі», «Анаға тағзым», Өнер орталығы, Шығармашылық академиясы іске қосылды. «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында ескерткіштер орнатылып, біздің өңірден 46 нысан «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша жалпыұлттық маңызы бар орындар мен нысандар тізіміне енді, — деді облыстық «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару орталығының маманы Данагүл Нұрмұхамедова.

Шара барысында аталған мектептің жоғарғы сынып оқушылары өлкеміздің белгілі тұлғаларына арналған өлеңдер оқыды.

А.ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button