Рухани жаңғыру

Оқырман бенефисі өтті

Жуырда «Арай» мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 5 жылдығына орай «Туған жер» кіші жобасы аясында «Туған өлке тарихын зерттеуші Мереке Жұбанияз» атты оқырман бенефисі өтті. Шараны Ырғыз аудандық орталық кітапханасы ұйымдастырды.

Шара барысында Мереке Қалмырзаұлының еңбек жолы және ауданның табиғаты мен тарихының зерттелуіне қосып келе жатқан үлесі туралы кеңінен таныстырылды.

Шарада Ырғыз аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Әттиев, Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының директоры М.Дуанбеков, өлкетанушылар С.Қоблашев, Р.Өтеміс, зейнеткер М.Өтемұратов өлкетанушы атқарған жұмыстарға тоқталды.

Сондай-ақ Германия елінен Франкфурт зоологиялық қоғамының мүшесі Штефен Цутер,  Нью-Йорк қаласында жүрген Жомарт Түбекбаев, жазушы Мәди Айымбетов Ақтөбеден, еліміздің басқа да өңірлерінен хабарласқан азаматтар игі тілектерін жеткізді.

Ырғыз аудандық орталық кітапханасының директоры Марат Мырзалы Мереке Қалмырзаұлына алғыс білдіріп, сый-сияпат табыстады.

Шара соңында Мереке Жұбанияз домбырамен күй шертіп, оқырман сұрақтарына жауап берді.

Д.АЙДАР,

Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button