Білім

35 білім мекемесінің ешқайсысы аттестациядан өткен жоқ

Биылғы жылдың І тоқсанында өңірдегі 35 білім беру мекемесіне мемлекеттік аттестация жүргізілген. Қорытындысында, бірде-біреуі сыннан өтпепті.

«Білім туралы» Заңның 59-бабына сәйкес меншік нысанына қарамастан,білім беру ұйымдарына 5 жылда бір рет мемлекеттік аттестация жүргізіледі. Қадағалаудың бұл түрі білім сапасын артыруға сеп болады. Былтыр 9 білім беру мекемесін аттестациялау жоспарланып, біреуі ғана өткен болатын. Биыл 126 білім беру ұйымын аттестациялау жоспарланды. І тоқсанның қорытындысы білім сапасының төмендігін көрсетіп отыр. Аттестациялау жоспарланған 12 балабақша, 22 мектеп, 1 колледждің біреуі де аттестациядан өткен жоқ. Бұл 35 білім беру мекемесінің арасында Қарғалыдан басқа аудандардың бәрі қамтылған. Сыннан өтпеген мекемелердің арасында гимназия да бар, — дейді облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бұлбұл Күзембаева.

Оның айтуынша, білім беру ұйымдарының барлығына тән ортақ кемшілік — өзін-өзі бағалау жұмыстарының сапасыз дайындалуы.

Комиссия мүшелерінеқұжаттарэлектрондытүрде 1 ай бұрынтапсырылады. Дегенмен құжаттардың бәрі бірдейтолықұсынылмайды. Ал комиссия ұсынылмағанқұжаттардысұратуғақұқығыжоқ. Солсебептібұлжұмысжоққашығарылады. Тағыбіркемшілік— оқу-тәрбиепроцесінұйымдастыружұмыстарыстандартқа, нормативтік-құқықтықактілергесәйкескелмейді. Нақтырақайтқанда, балабақшалардабалапандардытоптарғабөлгендежасерекшеліктеріескерілебермейді, оқужұмысжоспарыүлгілікоқужоспарынасәйкескелмейді, материалдық-техникалық база да талапқасайемес.  Сондай-ақмектептердеоқу-тәрбиежұмысжоспарларыныңтиптікүлгідегіжоспарғасәйкессіздігі, мақсат-міндеттерініңдұрысайқындалмауы, педагог-мамандардыңаттестациядануақтылыөтпеуі, педагог кадрлардыңсапалыққұрамыныңтөмендігісекілдікемшіліктерөтекөп, — дейді департамент басшысы.

Өзін-өзібағалаубарысында 4, 9,11-сынып оқушылары тест тапсырыпты. Білімсапасынбағалаудыңбұлтүрінде де сапаның сын көтермейтініанықталыпты.

Өңірдегі33 мектептің 2381 оқушысы тест тапсырды. Сапа төмен. 11 мектептің оқушылары ғана шекті 40 балды жинай алды. Білім сапасының көрсеткіші — 21,6 пайыз. Айта кету керек, 9-сыныптың 800 оқушысы төмен ұпай алды, — дейді Бұлбұл Бисембайқызы.

Оның айтуынша, комиссия тарапынан білім беру мекемелерінің оқу-тәрбие жұмыстары, материалдық-техникалық базасы толық зерделеніп, әрбір анықталған кемшіліктер бойынша әдістемелік көмек көрсетілген. Сонымен қатар облыстың барлық білім беру мекемелерінің басшыларымен семинар өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізіліпті.

«Білім» туралы Заңның 39-бабына сәйкес,білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және мемлекеттік аттестациядан өткен білім беру ұйымдары ғана бере алады. Сол себепті мемлекеттік аттестациядан өтпеген мектептер, колледждер аттестат немесе диплом бере алмайды, — дейді Бұлбұл Күзембаева.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button