Білім

1-сыныпқа қабылдау басталды

Биыл 1 сәуірден бастап жаңа 2022-2023 оқу жылына 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау басталды.

Білім беру ұйымдары алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды 1-сыныпқа қабылдайды.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерін беру «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Өтініштер автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы өңделеді. Олар — Ақтөбе қаласы бойынша mektep.akt.kz және облыс аудандары бойынша e-aktobe.kz платформалары. Қазіргі уақытта Egov.kz порталы тұрақты түрде жұмыс істеп тұр.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, жаңа оқу жылында 1-сыныпқа шамамен 19 561 оқушы қабылданады. Оның 14 512-сі қазақ тілінде (74,2%), 5049-ы орыс тілінде (25,8%) қабылданбақ.

Қажетті құжаттардың тізбесі: өтініш, баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi және денсаулық жағдайы туралы анықтама (№065/у нысан № 026/у-3 нысан).

Құжаттарды қабылдау 1 тамызда аяқталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button