Пікір

Жаңа бағытқа жасалған қадам

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті халыққа арнаған Жолдауында алдағы уақытта енгізілетін саяси өзгерістерді атап өтті.

Президент алдымен Қаңтар оқиғасына тоқтала келе, осы бір сын сағатта қабылданған шешімдердің барлығы тек ел мүддесі үшін бағытталғандығын баса айтты.

Мемлекет басшысы бұдан әрі елімізді демократияландыру жолында атқарылатын жұмыстарды, саяси-құрылымдық өзгерістерді мәлімдеді. Оның ішінде әсіресе сайлау жүйесін жетілдіру арқылы депутаттар мен сайлаушылардың арасындағы байланысты нығайту, саяси партияларды тіркеу жүйесін оңтайландыру, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмысын ұйымдастыру, Конституциялық сот құру, еліміздегі адам құқын қорғау тетіктерін жетілдіру жұмыстары және мемлекетіміздің аймақтық-құрылымдылық бөлінісінде енгізілгелі отырған өзгерістер ерекше көңілімнен шықты. Бұл өзгерістердің барлығы мемлекетімізді басқару тетіктерінің жетілуіне, жариялылық пен ашықтықты қамтамасыз ету жолында тиісті және тез арада орынды шешімдер қабылдауға бағытталғаны сөзсіз. Сондай-ақ халқымыздың әл-ауқатын жақсарту жолында жаңа бағытқа жасалған қадам деп білеміз.

Еліміз дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Осы жолда әрбір қазақстандық мемлекетіміздің одан әрі қарыштап дамуы жолында жұмыла еңбек етуі тиіс.

Марат ЖАМАЛАДИНОВ,

№1 Мәртөк орта мектебінің

 директоры.

Басқа жаңалықтар

Back to top button